Казақ тілі - Nexus Information in Kazakh


Қазақстанның жергілікті әкімшілігіндегі барлық мүдделі тұлғаларға берілетін мәлімет

Менің есімім Димитри Киффер.

Мен француздан шыққан америкалық азаматпын, және бүгінде бұлшық еттің күшімен әлемді айналып шығу экспедициясына қатысудамын, оны мен АҚШ, Аляска штаты, Анкоридж қаласында 2005 жылы бастаған болатынмын.

Сапарға шыққан сәттен бастап Анкориджден Уэльске дейін Алясканы жүріп өттім, сонан соң Беринг бұғазы арқылы жүздім, жаяу жүрдім, шаңғымен сырғанадым, кейін 2006 жылдың сәуірінде Ресейдің Уэлен ауылында түсіп қалдым. Сонан соң сапарымды жаяу жалғастырып, соңынан велосипедпен, шаңғымен Ресей мен Монғолия арқылы оңтүстік-батысқа жүріп отырып 2013 жылдың қыркүйегінде Қытайға жеттім. Жолымды Қытай арқылы жалғадым, әзірше қытай-қазақ шекарасына (Қорғас) жеткен жоқпын.

Қазақстанда Қытай мен Алматы шекарасының арасында мен велосипедпен келесі елді мекендер бойынша жүріп өтуді жоспарлап отырмын: Қорғас, Пиджим, Ават, Жаркент, Көктал, Чунджа, Шарын ұлттық саябағы, Көкпек, Шелек, Бәйтерек және Гүлдала.

Маршрут картасы:
https://maps.google.com/maps/ms?msid=212111032970980715660.0004dd29b731cf5fc3d3a&msa=0

Толығырақ мына сайттан көре аласыз:
http://nexusexpeditions.blogspot.com/2013/06/summer-2013-nexus-expedition-planned.html#sthash.DBS8hDDl.dpuf

134 км: қытай-қазақ шекарасынан Қорғас арқылы Чунджаға.
(Пиджим, Ават, Жаркент, Көктал арқылы)

233 км: Чунджадан Алматыға дейін.
(Шарын ұлттық саябағы, Көкпек, Шелек, Бәйтерек және Гүлдала арқылы)

Алматыға келген соң мен кейінгі маршрутты таңдаймын:
— Қырғызстан мен Тәжікстан арқылы оңтүстік бағытында немесе
— Өзбекстан мен Түркіменстан арқылы батыс бағытында немесе
— Қазақстан арқылы Ресей Федерациясына қарай кері жүретін солтүстік бағытында



Сіздің тіліңізде жақсы сөйлей алмағаным үшін кешірім сұраймын. Дегенмен, бірімізді біріміз түсінеміз деп сенемін! Қонақжайлылықтарыңыз бен қолдауларыңыз үшін алдын ала алғыс айтамын!

Димитри Киффер
Nexus Expedition

Latest Update
Nexus Expedition in the Arab Republic of Egypt (العَرَبِيَّة‎‎/English version)
Friday March 17, 2017 - Tala bay, Aqaba, Jordan

نيكساس للرحلات الاستكشافية
الثالث عشر من مارس
الى من يهمه الامر من بين سلطات جمهورية مصر العربية
اسمي ديميتري برنارد كيفير
انا مواطن فرنسي وامريكي بنفس الوقت وانا الان منشغل في رحلة استكشافية بالاعتماد على القوة العضلية للإنسان حول العالم والتي بدأتها من انكوريج الى الاسكا في ...
Translated Introductions
Click a flag below for general information about Nexus Expeditions in Chinese, Mongolian, Kazak, Kyrgyz, Tajik, Uzbek, Turkmen, Persian and Arabic!
Translate this page!
Human Translations:


Additional approximate translations provided by an automated system:


Where Are We Now?
Mailing List Sign-Up
Subscribe through the form below to receive monthly updates, stories and photography as we continue our journey.